Accessibility links

Байқоңырдан "Союз МС-02" ғарыш кемесі ұшырылды


"Союз МС-02" ғарыш кемесін тіркеген "Союз" зымыранының ұшырылу сәті. Байқоңыр, 19 қазан 2016 жыл.

"Союз МС-02" ғарыш кемесін тіркеген "Союз" зымыранының ұшырылу сәті. Байқоңыр, 19 қазан 2016 жыл.

Ресейлік "Союз МС-02" ғарыш кемесін тіркеген "Союз" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Кеме бортында Халықаралық ғарыш станциясына баратын жаңа экипаж - ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Андрей Борисенко және НАСА астронавты Роберт Шейн Кимброу бар. Зымыран Астана уақыты бойынша сағат 14:05-те ұшырылды.

Кеме ғарыш станциясымен 21 қазанда түйіседі деп жоспарланған.

"Союз МС-02" ғарыш кемесі ғарышқа жөндеуден соң ұшырылды. Әуелде ол 23 қыркүйекте ұшады деп жоспарланған еді. Бірақ "Роскосмос" комиссиясы ғарыш кемесінен техникалық ақау тауып, оны жөндеуге уақыт берген.

Ұшырымның шегерілуіне сынақ кезінде жерге тұйықтау жүйесі кабелінің қысылып қалғаны себеп болған. Ақау жөнделген соң кеме қайтадан сынақтан өткізілген.

XS
SM
MD
LG