Accessibility links

Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш орнатылды


Совет армиясының офицері, 1945 жылы Рейхстагқа ту тіккендердің бірі Рақымжан Қошқарбаев.

Совет армиясының офицері, 1945 жылы Рейхстагқа ту тіккендердің бірі Рақымжан Қошқарбаев.

Астанада бүгін 1945 жылы Берлиндегі Рейхстагқа шабуылдап, Совет одағының туын ту тіккен қазақ сарбазы Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш орнатылды. 11 метрлік ескерткіш Астана қалалық әкімдігінің бастамасы бойынша Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшелердің қиылысына қойылған.

Ескерткіштің ашылуына Қошқарбаевтың қызы, немерелері мен ондаған қала тұрғыны келіп, гүл қойды.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескерткіш қоладан құйылған. Авторы - мүсінші Асқар Нартов.

Рақымжан Қошқарбаев Екінші дүниежүзілік соғыс майданына 1944 жылы аттанған. Соғыс аяқталатын кезде ол 150-атқыштар дивизиясында қызмет еткен. Бұл дивизияның әскери қимылдар журналындағы мәлімет бойынша, 1945 жылы 30 сәуір күні сағат 14:25-те лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов Рейхстагтың кіреберісіне сатымен шығып, Совет одағының туын тіккен.

XS
SM
MD
LG