Accessibility links

ҚФФ президенті Қожағапанов "уақытша қызметінен кетті"


Ерлан Қожағапанов.
Ерлан Қожағапанов.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Ерлан Қожағапанов уақытша өз қызметінен кетті. Бұл шешім бүгін Астанада өткен ҚФФ атқарушы комитетінің отырысында қабылданған.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қожағапанов ұзақ уақытқа оқуға кетуіне байланысты федерация президентінің міндетін Сейілда Байшақов атқара тұрады".

Қожағапанов ҚФФ президенті қызметіне 2012 жылы 29 желтоқсанда келген. Осы аралықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Қожағапановтың жұмысын жиі сынап келеді. Ол Қожағапановтың қызметтен кетуін талап еткен. Айсұлтан Назарбаев ҚФФ басқаруға өз кандидатурасын да ұсынған.

XS
SM
MD
LG