Accessibility links

Өзбекстанда тікұшақ апатынан тоғыз адам қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің шығысында Ми-171 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Құрбандардың алтауы - әскери қызметкерлер.

Ми-171 18 қазанда Ферғана алқабының Қырғызстанмен шекара тұсында құлаған. Өзбекстан қорғаныс министрлігі әуе апатын үш ұшқыш пен алты әскеридің өмірін қиған "қайғылы оқиға" деп атады.

Тікұшақ апатын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

XS
SM
MD
LG