Accessibility links

Виталий Мутко Ресей вице-премьері болды


Виталий Мутко, Ресей вице-премьері.
Виталий Мутко, Ресей вице-премьері.

Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко таяуда құрылған вице-министр қызметіне тағайындалды. Оны спорт, туризм және жастар саясат жөніндегі вице-премьер қызметіне тағайындау туралы ұсынысты премьер-министр Дмитрий Медведев жасап, президент Владимир Путин мақұлдаған. Мутконың орынбасары Павел Колобков спорт министрі болып тағайындалды.

Үкіметте жаңа лауазымды қызмет құру туралы ұсынысты 11 қазанда Путин білдірген. 2008 жылдан бері спорт министрі болған Мутко Ресейде мемлекет қолдаған допинг бағдарламасының жұмыс істегені әшкере болуына байланысты дауға іліккен.

Допинг бағдарламасы әшкере болған соң Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік жеңіл атлеттердің көбін тамызда Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатыстырмаған. Сонымен бірге, Ресей паралимпиада құрамасына да қыркүйек айында осы қалада өткен Паралимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG