Accessibility links

Марсқа "Скиапарелли" аппараты қонды


"Скиапарелли" зондының Марс бетіне қонғаны туралы инфографика.

"Скиапарелли" зондының Марс бетіне қонғаны туралы инфографика.

Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) мәліметіне қарағанда, Марста тіршілік белгілерін іздеу миссиясмен ұшырылған "Скиапарелли" модулі Марс бетіне қонда. "Скиапарелли" модулі - Роскосмос пен ESA бірлесе жасаған жобаның бір бөлігі саналады. Қазір Германияның Дармштадт қаласындағы ғарыштық басқару орталығында ғалымдар зондтың Марсқа сәтті және қауіпсіз қонғанын растайтын сигнал күтіп отыр.

Диск тәріздес модуль орбиталық Trace Gas аппаратынан 17 қазанда ажыраған. Егер барлығы жоспардағыдай орындалса, онда 577 килограм болатын "Скиапареллидің" батареялары модульдің бірнеше күн Марс туралы ақпарат жинап, оны Жерге жіберуіне мүмкіндік береді. Модуль 1,5 секундта Марстың бетінен 15 ақ-қара түсті сурет түсіре алатын камерамен жабдықталған.

19 қазанда Trace Gas Марс орбитасына сәтті шыққаны және ғаламшардың атмосферасы туралы мәліметтерді трансляциялай алатыны туралы сигнал жіберген. Модуль биыл наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған.

XS
SM
MD
LG