Accessibility links

Боқаев пен Аян өздерінің сотына тағы да қатыспады


Атырау қалалық №2 соты.
Атырау қалалық №2 соты.

Азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаевтың сотында бүгін бірнеше рет үзілістен соң Атырау әкімі аппаратының жетекшісі Палымбет Хасановтан жауап алынды. Сотқа келген Хасанов прокурорлардың "Белсенділер жер кодексіне енгізілген түзетуге мораторий жарияланғанын және жер реформасы бойынша комиссия құрылғанын білді ме?" деген сұрағына әкімдік белсенділерге ол туралы хабардар еткенін айтты. Ол Боқаев үкіметтің жер реформасы жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысудан бас тартқанын да айтты.

Сот басталғанға дейін Боқаев сот айыптау мәнеріне көшкенін және сотқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеген. Боқаев "қашықтан жауап алу" куәлердің сөзін толық тыңдап, түсінуге және олардың жауабын бақылауға мүмкіндік бермейтінін айтқан. Судья Гүлнәр Дәулешова сотталушы сотқа қатысудан бас тартуға құқығы жеткізген.

Бүгін мұның алдында сотталушы Талғат Аян да сотқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеген. Оның адвокаты Төлепқали Аянов сотқа қорғаушылар мен сотталушыларға соттың видео және аудио материалдарымен, оның ішінде Атыраудағы митингіге қатысты материалмен таныстыруды сұраған. Прокурорлар қорғаушылардың бұған дейін ол материалдармен танысуға уақыты болғанын айтып, қарсылық білдірді.

Боқаевтың қоғамдық қорғаушысы Жанар Боқаева іс бойынша сот өндірісін жарамсыз деп тану және сот материалдарына қорғаушылардың талап-арыздарын, прокуратура мен тергеушілердің жауаптарын қосу туралы талап-арыз түсірді.

XS
SM
MD
LG