Accessibility links

Марстағы аппараттың жайы әлі белгісіз


Марсқа қонды делінген "Скиапарелли" зонды. Еуропа ғарыш агенттігі ұсынған көрнекі сурет.
Марсқа қонды делінген "Скиапарелли" зонды. Еуропа ғарыш агенттігі ұсынған көрнекі сурет.

Ғалымдар Schiaparelli ("Скиапарелли") зонды Марс ғаламшарының бетіне қонды дегеннен бері бірер күн өтсе де, аппараттың қалай қонғанын және оның қауіпсіз екенін біле алмай отыр. Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) мәлімдеуінше, зондпен байланыс жоғалардың алдында оның маневр жасайтын реактивті қозғалтқыштары жоспарланғаннан аз уақыт жұмыс істеген. Ол қозғалтқыштар зонд Марс бетіне жақындағанда оның жылдамдығын азайтуы тиіс болған.

Schiaparelli зонды - Роскосмос пен ESA бірлесе жасаған жобаның бір бөлігі. Ол Марста тіршілік белгілері бар-жоғын анықтау үшін ұшырылған. Бұл аппараттың көмегімен сарапшылар 2020 жылға қарай ұшырылатын, Марста өздігінен жүретін аппаратта қолданылатын жаңа технологияларды сынақтан өткізуді жоспарлаған.

Байқоңырдан биыл наурызда ұшырылып, Schiaparelli-ді Марс орбитасына шығарған орбиталық Trase Gas Orbiter аппараты зонд Марс бетіне қонды делінген 19 қазаннан бері Жерге сигнал жіберген жоқ.

XS
SM
MD
LG