Accessibility links

Прагада ұсталған "ресейлік хакердің" аты-жөні анықталды


Instagram-дағы Прагада 5 қазанда ұсталған "ресейлік хакер" Евгений Никулиндікі делінетін аккаунт.

Instagram-дағы Прагада 5 қазанда ұсталған "ресейлік хакер" Евгений Никулиндікі делінетін аккаунт.

Прагада АҚШ-тағы компьютерлік желілерге хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған Ресей азаматы - 29 жастағы Евгений Никулин екені белгілі болды. "Настоящее время" телеарнасы Никулиннің Instagram-дағы аккаунты арқылы оның 5 қазанда тұтқындалғаннан бірер апта бұрын Беларусь пен Польша арқылы Чехияға жеткенін анықтады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Прагада ұсталған күдіктінің Никулин екенін растады. Ол Никулиннің ұсталуын "АҚШ құқық қорғау органдары жариялаған әлемде Ресей азаматтарын жаппай тұтқындау науқанының тағы бір көрінісі" деп атады. Мәскеу Никулинді қайтаруға шақырады. Таяу күндері Никулинді АҚШ-қа экстрадициялау мәселесі бойынша сот болмақ.

Күдіктінің нақты қандай сайттарға хакерлік шабуыл жасағаны әсірге белгісіз. Дегенмен, LinkedIn онлайн-платформасы тұтқындау 2012 жылы өзінің базасынан мәліметтердің ұрлануына қатысты болуы мүмкін дейді. АҚШ билігі Ресейді 8 қарашада өтетін президент сайлауының нәтижесіне ықпал ету үшін кибер шабуылдар жасады, америкалық компьютер жүйелерінен мәліметтерді ұрлауды ұйымдастырды деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG