Accessibility links

Ресейде тәжік баланың өліміне қатысты іс жабылды


Санкт-Петербургтегі Умарали Назаровтың өлімін тексеруді талап еткен наразылық акциясы. Қазан 2015 жыл.

Санкт-Петербургтегі Умарали Назаровтың өлімін тексеруді талап еткен наразылық акциясы. Қазан 2015 жыл.

Санкт-Петербург билігі қоғам назарына іліккен тәжік бала Умарали Назаровтың өліміне қатысты қылмыстық істі жапты. Жергілікті тергеу комитеті тергеу "қылмыстық құрам табылмағандықтан" ресми түрде жабылғанын мәлімдеді.

Бес жастағы Умарали Назаров өткен жылдың 14 қазанында - әке-шешесі бірнеше сағатқа ұсталып, миграциялық заңнаманы бұзды деп айыпталған соң көз жұмған. Ресей билігі сәби ауруханада тыныс алу жүйесі ауырып жан тапсырғанын мәлімдеген. Бірақ ата-анасы сәбидің денсаулығы жақсы болған дейді.

Тергеу органдары қылмыстық істі тек тәжік мигранттары мен ресейлік құқық қорғаушылар емес, Тәжікстан билігі де наразылық білдірген соң қозғаған.

XS
SM
MD
LG