Accessibility links

Аян мен Боқаев адвокаттарының судьяға қарсылығы тағы да қабылданбады


Атырау қалалық №2 сотының судьясы Гүлнәр Дәулешова. Атырау, 12 қазан 2016 жыл.

Атырау қалалық №2 сотының судьясы Гүлнәр Дәулешова. Атырау, 12 қазан 2016 жыл.

Атырауда белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаевтың ісі бойынша сот тыңдауында сот адвокаттардың судья Гүлнәр Дәулешоваға қарсылығын тағы да қанағаттандырмады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Адвокат Жанар Боқаева бүгін сотталушылар мен адвокаттар іс материалдарымен толық таныспағанын, процесс басталғалы бері сот айыптау сарынында өтіп жатқанын, куәлер тізімі жауапкер тараптың келісімінсіз түзілгенін айтып, судья Дәулешоваға қарсылық білдірген. Өзге адвокаттар қарсылықты қолдаған. Сот процесі басталғалы адвокаттар судья Дәулешоваға осымен үшінші рет қарсылық білдіріп отыр.

Адвокаттың қарсылығына байланысты сотта үзіліс жарияланып, үзілістен соң сот залына кірген Атырау қалалық №2 сотының төрағасы Тәшенова адвокаттардың талап-арызы "салмақты дәлел болмағандықтан" қанағаттандырылмайтынын жариялады. Бұдан соң тыңдауды Гүлнәр Дәулешованың өзі жалғастырды.

Сотта адвокаттар сотталушылармен кездесу үшін уақыт беруді сұрады. Бірақ прокурор адвокаттарда кездесуге уақыт болды деп, өтінішті қабылдамауды сұрады. Судья адвокаттардың бұл өтінішін де қанағаттандырмады.

XS
SM
MD
LG