Accessibility links

Павлодарда терроризмге қарсы жаттығу өтті


Павлодардағы полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Павлодардағы полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Павлодарда күш құрылымдары бүгін "терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі" бірлескен жаттығу өткізді деп хабарлады Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Терроризммен күрес жөніндегі штаб ақпаратына қарағанда, жаттығу "Павлодарэнерго" компаниясының жылу электр станциясы (ТЭЦ-3) мен Естай атындағы мәдениет сарайының территориясында өткен.

Штаб хабарламасында жаттығу шарттары "ұрыс жағдайына барынша жақындатылғаны" айтылады.

Ақтөбеде маусымда бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік қызметкерлері қаза тапқан қарулы шабулыдардан соң Қазақстанда террористік қауіп-қатердің "сары деңгейі" енгізілген. Шабуылдардан соң Алматы, Астана қалаларында да терроризмге қарсы жаттығулар өткізілген.

XS
SM
MD
LG