Accessibility links

Ресейде қазақстандық "сирек кездесетін құстың басын тасымалдады" деп сотталды


Бірқазан құсы (Көрнекі сурет).

Бірқазан құсы (Көрнекі сурет).

Ресей соты Қазақстан азаматын сирек кездесетін бағалы құстардың кептірілген басын заңсыз кіргізгені үшін шартты мерзімге соттады деп хабарлайды Батыс Сібір көліктегі прокуратурасы. Алтай өлкесінің Третьяковский аудандық соты аты-жөні аталмаған Қазақстан азаматын "жалпы құны 6,8 миллион рубль (шамамен 109 мың доллар) болатын стратегиялық маңызды ресурстарды Ресейге контрабандалық жолмен өткізбек болды" деп айыптаған.

Соттың мәліметінше, қазақстандық тамыз айында Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген бірқазан тобына жататын құстың кептірілген 70 дана басын Қазақстандағы әлдебір адамнан алған.

Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Сот мемлекеттік айыптаушы Рубцовский көліктегі прокуратурасының пікірін ескере отырып айыпталушыны бір жылға сынақ мерзіміне бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған.

XS
SM
MD
LG