Accessibility links

Ұлыбританияда терактіге дайындалған деген күдікпен жас жігіт ұсталған


Лондон метросы. (Көрнекі сурет.)

Лондон метросы. (Көрнекі сурет.)

Ұлыбритания астанасындағы метрода күдікті зат табылғаннан кейін полиция терактіге дайындық жасаған деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстаған. Бұл туралы жұма күні Reuters хабарлады.

Қазанның 20-сы күні Лондонның оңтүстік-шығысындағы метро бекетінде күдікті зат табылған соң полиция жолаушыларды ол жерден эвакуациялап, әлгі затты жарылыс жасап жойған. Бұл іс бойынша тергеуді терроризмге қарсы күрес бөлімі жүргізіп жатыр деп хабарланды.

Еуропада 2016 жылы шабуылдар жиілеп кеткендіктен қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Теракті дайындауға күдікті ретінде ұсталғандар арасында кәмелеттік жасқа толмағандар жиі ұшырасатын болған.

Қыркүйек айында француз құқық органдары шабуыл жасамақшы болған деген күдікпен бірнеше жасөспірімді ұстаған. Франция үкіметі ел аумағында кемінде 15 мың радикал адам бары билікке белгілі деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG