Accessibility links

Ресейде 22 адам отырған тікұшақ апатқа ұшыраған


Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округіндегі Уренгой кенті маңында жұма күні кешкісін 3 экипаж мүшесі мен 19 жолаушысы бар Ми-8 тікұшағы құлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 19 адам мерт болып, зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Тікұшақ Красноярск аймағындағы Сузум кенішінен Уренгой кентіне жұмысшыларды әкеле жатқанда апатқа ұшыраған.

Ресей тергеу орындары тікұшақ апатына байланысты қылмыстық кодекстің әуе көлігін басқару және пайдалану қауіпсіздігі ережесін бұзу бабы бойынша іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG