Accessibility links

Ресей Алепподағы «гуманитарлық үзілісті» тағы бір тәулікке ұзартты


Алеппоның шығыс бөлігінен көтерілген түтін. 20 қазан 2016 жыл.

Алеппоның шығыс бөлігінен көтерілген түтін. 20 қазан 2016 жыл.

Ресей Сирияның Алеппо қаласындағы «гуманитарлық үзілісті» тағы бір тәулікке ұзартты. Бұл туралы жұма күні Ресей қарулы күштері бас штабы мәлімдеген.

Сенбі күні «гуманитарлық үзіліс» таңертеңгі сағат 8.00-ден сағат 19.00-ға дейін күшінде қалып, осы уақыт аралығында Ресей мен Сирия үкіметі әуе шабуылын жасамайды деп хабарланды. Бұған дейін бейбіт тұрғындар мен қаланы тастап шығуға тілек білдірген қарулы көтерілісшілердің Алепподан шығып кетуі үшін «гуманитарлық дәліздер» ашылған. «Гуманитарлық үзіліс» қазанның 20-сы күні жарияланған.

Жұма күні БҰҰ бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмегендіктен оларды Алепподан эвакуациялауды бастай алмай отырғаны туралы мәлімдеген. Қалада эвакуацияны күтіп жатқан жүздеген жаралы және науқас адам бар. Оған қоса БҰҰ қоршаудағы қала тұрғындарына азық-түлік пен өзге де қажетті заттарды жеткізе алмай отыр.

Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Зейд әл-Хуссейн Алеппоның шығыс аудандарына жасалған әуе шабуылдары мен қаланы қоршауда ұстауды «тарихи көлемдегі қылмыс» деп атап, оның себебін тексеру үшін Халықаралық қылмыстық сотқа жүгінуге шақырған.

XS
SM
MD
LG