Accessibility links

Мосул маңында жүздеген адам иіс тиіп уланған


Мосул маңындағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы шайқас. (Көрнекі сурет.)

Мосул маңындағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы шайқас. (Көрнекі сурет.)

Иракта Мосул қаласына жақын жердегі Каяра қаласында мыңға жуық адамға қауіпті газдан иіс тиген. Бұл туралы сенбі күні Reuters агенттігі хабарлады.

Күкірт өңдейтін зауытты өртегеннен кейін болған оқиғаға Ирак билігі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын айыптайды. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды исламшыл экстремистерден қайтарып алу операциясы қазанның 17-сі күні басталған. Қалаға бекінген экстремистерге қарсы Ирак әскері, шиттік еріктілер жасағы мен күрдтердің қарулы топтары шабуылға шыққан. АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері оларға әуеден қолдау көрсетеді.

XS
SM
MD
LG