Accessibility links

Қазақстанда сүт безі рагынан жыл сайын мың жарым адам қайтыс болады


Маммолог Әсем Тоғызбаева дәрігерге қаралуға келген әйелге кеңес беріп отыр. Алматы, 22 қазан 2016 жыл.
Маммолог Әсем Тоғызбаева дәрігерге қаралуға келген әйелге кеңес беріп отыр. Алматы, 22 қазан 2016 жыл.

Бүгін Қазақстандағы барлық қалалық және аудандық онкологиялық диспансерлерде сүт безі рагы дертіне қарсы ашық есік күні өтіп жатыр. Шара аясында қыз-келіншектерге сүт безін тексеру және дәрігер-маммологтар кеңесі қызметі тегін көрсетіледі.

Азаттық тілшісі таңертең Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында шара аясында дәрігерге қаралып, кеңес алуға келген ондаған адамды жолықтырды. Ғылыми-зерттеу институтының маманы Әсем Тоғызбаеваның Азаттыққа айтуынша, жыл сайын Қазақстанда төрт мыңға жуық жуық қыз-келіншектен сүт безі қатерлі ісігі анықталады.

«Бүгінгі шараның мақсаты – қатерлі ісіктің алдын алу мен оны ерте анықтауға халықтың назарын аудару, скринингтік тексеруден уақытылы өтудің маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру» дейді маммолог.

Дәрігер Қазақстанда азаматтарға тұрғылықты жеріндегі емханаларда сүт безін қатерлі ісікке тексеруден тегін өтуіне болатындығын айтады.

Мамандардың дерегі бойынша, Қазақстанда жыл сайын сүт безі рагы салдарынан бір жарым мыңға жуық адам қайтыс болады.

XS
SM
MD
LG