Accessibility links

CNN: Мосулда жихадшылар үш жүзге жуық адамды өлтірген


Мосул төңірегінде Ирак армиясы жихадшылардан азат еткен елді мекенге оралған тұрғындар. 21 қазан 2016 жыл.
Мосул төңірегінде Ирак армиясы жихадшылардан азат еткен елді мекенге оралған тұрғындар. 21 қазан 2016 жыл.

Иракта үкімет әскері жақындаған Мосул қаласында жихадшылар бейсенбі және жұма күндері 284 адамды – ерлер мен ұл балаларды өлтірген. Исламшылдар ұстап алған бейбіт тұрғындарды Ирак армиясының шабуылын бөгейтін «тірі қалқан» ретінде пайдаланбақшы болған. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өздері өлтірген адамдарды жаппай көму үшін бульдозерлерді пайдаланған деп хабарлайды CNN телеарнасы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Өзінің баспасөзге сұхбат беруге өкілеттігі жоғын айтып, аты-жөнін атамауды сұраған әлгі адамның сөзінше, жихадшылар құрбандарының барлығын, солардың арасында балаларды да атып өлтірген. CNN бұл хабарды өзге тәуелсіз ақпарат көздерінен анықтау мүмкін болмай отырғанын хабарлаған.

Бұған дейін БҰҰ Мосулдың төңірегіндегі елді мекендерден 550 отбасыны шабуылға шыққан үкімет әскері мен күрд қарулы жасақтарына қарсы «тірі қалқан» ретінде пайдалану мақсатында жихадшылардың ұстап алып кеткеніне байланысты «үлкен алаңдаушылық» білдірген.

XS
SM
MD
LG