Accessibility links

Ресей Украинаға Александр Кольченконы беруден бас тартты


Ресей түрмесіндегі Александр Кольченко мен Олег Сенцовты қолдау акциясы. Киев, 25 тамыз 2016 жыл.

Ресей түрмесіндегі Александр Кольченко мен Олег Сенцовты қолдау акциясы. Киев, 25 тамыз 2016 жыл.

Ресей әділет министрлігі терроризм айыбымен сотталған Қырым тұрғыны Александр Кольченконы жазасының қалған бөлігін Украинада өтеуі үшін ол елге беруден бас тартты. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Украина әділет министрінің еуропалық интеграция жөніндегі орынбасары Сергей Петухов хабарлаған. Бұған дейін Ресей әділет министрлігі тағы бір «Қырым тұтқыны» Олег Сенцовқа қатысты да осындай жауап бергені туралы ақпарат Facebook желісінде жарияланған.

Қырымда тұратын антифашист, Украина азаматы Александр Кольченконы 2015 жылғы тамыздың 25-і күні Ресей соты 10 жылға бас еркіндігінен айырып, жазасын өтеуге Челябинск облысындағы қатаң тәртіптегі колонияға жіберген. 2016 жылы маусымда колония қызметкерлерінің оған Ресей азаматының паспортын әкеліп, құжатқа қол қоюға көндіруге тырысқаны мәлім болған еді.

XS
SM
MD
LG