Accessibility links

Германияда мемлекеттік қызметшінің пәрәнжі киюіне тыйым салуды ұсынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Германия үкіметі мемлекеттік шенеуніктерге адамның бет-жүзін жартылай немесе толық жауып тұратын бас киім киюге тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеп жатыр деп хабарлайды Der Spiegel басылымы.

Заң жобасында пәрәнжі тәрізді бетті көлегейлеп тұратын киім үлгілері ашық әрі еркін тілдесуге кедергі келтіріп, интеграциялық процесті күрделілендіреді делінген. Бастама авторларының пікірінше, мұндай бас киімдер әйелдерді кемсітіп, адамның дербес құқығын шектейді.

Тамыз айында Германия аймақтарының ішкі істер министрлері денені толық жауып тұратын киімдерге тыйым салған. Бірақ Германия ішкі істер министрі пәрәнжі киіп жүруге толық тыйым салуға қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG