Accessibility links

Ақтөбеде жергілікті тұрғынға «терроризмді насихаттау» айыбы тағылған


Ақтөбедегі орталық базар, 9 тамыз 2016 жыл.

Ақтөбедегі орталық базар, 9 тамыз 2016 жыл.

Ақтөбеде бұған дейін полиция рейді кезінде ұсталған жергілікті тұрғынға «терроризмді насихаттаған» деген айып тағылған. Сот оны екі айға қамауға алуға санкция берген. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Полиция ақпаратында күдікті биыл қыркүйектің 28-і күні Ақтөбедегі орталық базар маңынан топ болып төбелеспекші болған кезде ұсталған азаматтардың бірі екені айтылған. Ұсталғандардна ешқандай қару табылмаған, олардың кейбірі «рұқсат етілмеген орында ұялы телефон сатқаны» үшін әкімшілік жазаға тартылған. Олардың арасында бір адамның үстінен «ұрлық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған делінген полиция хабарламасында.

Бірақ полиция аталған оқиға кезінде нақты қанша кісінің ұсталғаны, «терроризм айыбы» тағылған адамның қай күні қамалғаны және оны екі айға тұтқындау туралы сот шешімі нақты қашан шыққаны туралы Азаттыққа айтудан бас тартты.

Ақтөбеде қыркүйектің 28-і күні түс орталық базар жабылып, полицияның рейд жүргізуі жұртшылықты әбігерге салған болатын. Зоя Сабирова есімді тұрғын Азаттыққа «базарды арнайы жасақ қоршауға алған кезде сатушылар да, сатып алушылар да бас сауғалап тұра қашқаны, аспанға оқ атылып, екі жедел жәрдем машинасы келгенін» айтқан еді.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті «базар маңында оқ атылды» деген хабарды жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG