Accessibility links

Лондонда Алеппоны бомбалауға қарсылық акциясы өтті


Алеппоның шетіндегі Каласа ауданы. 20 қазан 2016 жыл.

Алеппоның шетіндегі Каласа ауданы. 20 қазан 2016 жыл.

Ұлыбритания астанасының орталығында сенбі күні бірнеше жүз адам Сириядағы соғысқа қарсылық акциясын өткізді деп хабарлады The Guardian.

Олар ел үкіметінен Сирияның Алеппо қаласында бейбіт тұрғындарды бомбалауды тоқтату үшін шара қабылдауды талап еткен. Сириядағы әуе шабуылынан зардап шеккен балаларды еске алған акцияға қатысушылар Даунинг-стриттегі премьер-министр кеңсесі алдына ойыншықтар қалдырған.

Алеппоның кей бөлігіне бақылау орнатқан Сирия президенті Башар Асад армиясы Ресей әскери ұшақтарының қолдауымен оппозиция күштері бекінген қала бөлігіне әуеден соққылар берген, салдарынан бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар саны өскен. Батыс елдері бейбіт тұрғындарды бомбалағаны үшін Мәскеуді айыптаған.

Бейсенбі күні сағат 11-ден бастап Алеппода «гумантиралық үзіліс» жарияланып, Сирия үкіметі мен Ресей Алепподағы әуе шабуылдарын уақытша тоқтататынын мәлімдеген. Бейбіт тұрғындар мен қаланы тастап шығуға тілек білдірген қарулы көтерілісшілердің Алепподан шығып кетуі үшін «гуманитарлық дәліздер» ашылған. Кейін Ресей «гуманитарлық үзіліс» уақытын созатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG