Accessibility links

Ирак үкімет әскері Киркукті қайтадан бақылауына алған


Исламшылдарға қарсы ұрысқа әзірленіп жатқан күрдтер қарулы жасағы. Киркук, Ирак, 21 қазан 2016 жыл.

Исламшылдарға қарсы ұрысқа әзірленіп жатқан күрдтер қарулы жасағы. Киркук, Ирак, 21 қазан 2016 жыл.

Ирак қарулы күштері Киркукке «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының ірі шабуылын тойтарып, қаланы қайтадан толық бақылауына алған. Бұл туралы сенбі күні Ирак мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Қала билігі полиция учаскелері мен өзге де мекемелерге қазанның 20-сында содырлар тобы жасаған шабуылдан соң жарияланған коменданттық сағат тәртібін ішінара тоқтатқан деп хабарлайды телеарна Киркуктегі тілшісіне сілтеме жасап.

Ақпаратта жихадшылар шабуылынан қауіпсіздік күші қызметкерлері мен электр станциясындағы жұмысшылардан кемінде 18 адам, соның ішінде төрт Иран азаматы қаза тапқаны айтылады. Қазанның 22-і күні Киркук полициясының басшысы Ирак қарулы күштері қаланың әр тұсына шабуылдаған 48 содырдың көзін жойды деп мәлімдеген.

Ирак астанасы Бағдаттың солтүстігінен шамамен 290 шақырым және елдің екінші үлкен қаласы Мосулдан оңтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта орналасқан Киркук қаласында ірі мұнай өндірісі бар.

Ирак армиясы мен күрд қарулы жасақтары Мосулдан экстремистерді ығыстырған соң исламшыл содырлар Киркукке шабуылдаған.

XS
SM
MD
LG