Accessibility links

Алматыда Боқаев пен Аянға қолдау білдіргендерді полиция ұстап әкетті


Полиция Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау акциясына келген белсенділерді ұстап әкетіп барады. Алматы, 23 қазан 2016 жыл.

Полиция Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау акциясына келген белсенділерді ұстап әкетіп барады. Алматы, 23 қазан 2016 жыл.

Алматының орталығында Жібек Жолы көшесіндегі аллеяға бүгін таңертең сағат он бір жарым шамасында оншақты адам жиналды. Белсенділер бұл жерге не үшін жиналғанын жариялап үлгерместен оларды қоршап алған оншақты полиция қызметкері жиналғандардың арасынан Құрал Медеуов пен Сүйіндік Алдабергеновті қолтығынан ұстап алып кетті.

Аллеяда қалған адамдардың Азаттық тілшісіне айтуынша, олар бүгін мұнда Атырауда соты өтіп жатқан белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау акциясын өткізу үшін келген.

Ұсталғандардың бірі Сүйіндік Алдабергенов сәлден соң Азаттыққа телефон арқылы тілдесіп, Құрал Медеуов, Асхат Берсалимов және Ақерке есімді қыз төртеуін полиция Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне апарғанын хабарлады.

Азаматтық белсенділер Боқаев пен Аянның үстінен «заңсыз митинг ұйымдастырған» және «араздық қоздырған» деген айыптар бойынша қозғалған қылмыстық іс қазір Атырау сотында қаралып жатыр. Белсенділер өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG