Accessibility links

Алеппоға әуе соққылары қайта жалғасқаны хабарланды


Алеппоның шығыс бөлігінен көтерілген түтін. 20 қазан 2016 жыл.
Алеппоның шығыс бөлігінен көтерілген түтін. 20 қазан 2016 жыл.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы Мәскеу мен Дамаскіні Алеппоны бомбалауды қайта жалғастырды деп айыптады. Ұйымының ақпараты бойынша, Алеппоның оңтүстік-батыс бөлігіне әуеден соққы берілген.

Әуеден бомбалау қазанның 22-і күні күндіз басталып, кешке қарай үдей түскен деп хабарлайды Reuters. Қарулы оппозиция өкілінің агенттік тілшісіне айтуынша, гуманитарлық үзіліс «жағдайды жеңілдете» алмаған. Оның сөзінше, гуманитарлық дәліз арқылы ешкім қаладан кетпеген. Алепподан әлгіндей дәліздер арқылы шығуға әрекет жасаған шамалы адам атыстың астында қалып, кете алмаған.

Жұма күні Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі бейбіт тұрғындарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланатын содырлар бөгет қойғандықтан Алеппоның шығыс бөлігіндегі тұрғындардың ешқайсысы шайқас аймағынан шыға алмағаны туралы ақпарат таратқан деп хабарлайды Deutsche welle.

Бейсенбі, қазанның 20-сы күні Алеппо мен оның төңірегіндегі аудандарда «гуманитарлық үзіліс» тәртібі күшіне енген. Ресей әскери мекемесі бомбалауды уақытша тоқтату бейбіт тұрғындардың қаланы тастап шығуына, ал дәрігерлерге – науқастар мен жаралыларды эвакуациялауға мүмкіндік береді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG