Accessibility links

Түркіменстан елге визасыз кіру тәртібін уақытша шектеді


Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы Темір баба кеден бекеті. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы Темір баба кеден бекеті. (Көрнекі сурет).

Түркіменстан өз территориясына шетелдіктердің жеңілдетілген тәртіппен кіруіне уақытша шектеу қойды деп хабарлады Маңғыстау облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

«Түркіменстан тәуелсіздік мейрамының 25 жылдығын тойлауға байланысты көрші елдің шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілген және қазанның 27-іне дейін шетелдіктердің жеңілдетілген тәртіппен елге кіру уақытша тоқтатылады» делінген хабарламада.

Жеңілдетілген тәртіп Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстарындағы Түркіменстанмен шекаралас аймақтар тұрғындарына көрші елдің Балкан уәлаятына бес күн мерзімге дейін визасыз кіруге мүмкіндік береді.

XS
SM
MD
LG