Accessibility links

Ресейдің Омбы облысында полицейлер өзара төбелескен


Ресейлік полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Ресейлік полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Омбы облысындағы Калачинск қаласында полиция қызметкерлері жергілікті ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің бірінің туған күн кешінде өзара жаппай төбелескен. Бұл туралы «Омск-информ» басылымы хабарлайды. Ақпаратта жаппай төбелеске 60-ға жуық құқық қызметкерлері қатысып, туған күн кешіне жиналған асханадағы ыдыс-аяқ пен жихазды қиратқаны айтылған.

Жаппай төбелесті тоқтату үшін полицейлердің өздері кезекшілікте жүрген өзге әріптестерін оқиға орнына шақырған. Төбелестің неден шыққаны белігісіз. Омбы полициясы бұл оқиғаны тексеріп жатыр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG