Accessibility links

Британ банктері Еуроодаққа көшуге қамданып жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбританияның жетекші банктері Еуропа Одағынан шығатыны (brexit) туралы келіссөздер өткізіп жатқан бұл елден кетуі мүмкін. Британ банкирлері ассоциациясының басшысы Энтони Браун бұл жөнінде ағылшынның Observer басылымына жазған. Оның мәлімдеуінше, көптеген банктер жетекшілерінің бір аяғы үзеңгіде тұр, ал кішігірім банктер Рождество мейрамына дейін-ақ елден көшуді жоспарлап қойған.

Бұған дейін осы аптада EY Item Club талдау орталығы жариялаған баяндамада brexit салдарынан британ экономикасы ұзақ мерзімге әлсірейді деген болжам айтылған деп хабарлайды ВВС. Қазан айының басында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй үкімет Еуропа Одағынан ресми шығу шарасын 2017 жылғы наурыздың соңына дейін бастайтын болады деп мәлімдеген.

Ұлыбританияда 2016 жылғы маусымның 23-і күні өткен референдум нәтижесі бойынша, ел азаматтарының 52 пайызға жуығы Еуропа Одағынан шығуды қолдаған.

XS
SM
MD
LG