Accessibility links

Франция бүгін Каледегі мигранттар лагерін жабады


Каледегі мигранттар лагері. Франция. Қыркүйек 2016 жыл.
Каледегі мигранттар лагері. Франция. Қыркүйек 2016 жыл.

Француз полициясы 24 қазанда елдің солтүстігіндегі Кале қаласындағы босқындар лагерін жабуға дайындалып жатыр.

Каледегі лагерде Африка мен Таяу Шығыс елдерінен барған, Еуротоннель арқылы Ұлыбританияға өтпек болған 9 мыңға жуық заңсыз мигрант тұрып жатыр.

Қыркүйек айында Франция президенті Франсуа Олланд "жыл соңына дейін бұл лагерь бұзылады" деп хабарлаған. Франция соты өткен айда лагерьді бұзу жоспарын мақұлдап, оны іске асыруға 1250 полицейді жұмылдыруға шешім қабылдаған.

Жергілікті билік лагерьдің бұзылатыны туралы ескерту жазылған мыңдаған үнпарақ таратқан. Мигранттарды елдің әр түкпіріне жібермек, "олар сонда биліктен өздеріне баспана беруді сұрап өтініш бере алады" деп хабарланған. Бірақ лагерьді жабу мигранттардың наразылығын тудырып, 23 қазанда олар полициямен қақтығысқан.

XS
SM
MD
LG