Accessibility links

Алматыда "Күлекбаев ісі" бойынша сот тыңдауы басталды


Руслан Күлекбаев сотта отыр. Алматы, 17 қазан 2016 жыл.

Руслан Күлекбаев сотта отыр. Алматы, 17 қазан 2016 жыл.

Алматыда бүгін қарулы шабуыл жасады деген күдікті Руслан Күлекбаевтың ісі бойынша сот тыңдауы басталды. 26 жастағы Күлекбаевтың соты Алматының шетіндегі 70-разъезд маңындағы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жаңа СИ-8 (ЛА-155/18 мекемесі) изоляторында ашық түрде өтіп жатыр. Билік бұған дейін мұның себебін қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігімен түсіндірген. Мысалы, сот процесі қарсаңында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Мәртпек Кәкімжанов «Руслан Күлекбаевтың айрықша агрессиялы мінез танытуына байланысты осындай шаралар қарастырылды» деп мәлімдеген.

Журналистерге сот залын бақылау үшін монитор орнатылған жеке бөлме бөлінген.

Руслан Күлекбаевқа «теракт жасады», «күш құрылымдарының сегіз қызметкері мен екі бейбіт тұрғынды өлтірді» және «үш адамды өлтіруге әрекет жасады» деген айып тағылған.

Іс бойынша Руслан Күлекбаевтан өзге бес адам сотқа тартылған. Роберт Лю, Жасұлан Сапарбеков, Дәурен Әсембекұлы, Ербол Құсайынов, Нұрсұлтан Әбдімомынға «заңсыз қару-жарақ сақтады» және «Күлекбаевпен бірге кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасады» деген айыптар тағылған. Ол шабуылға қатысты жайттар әзірше анық емес.

"Күлекбаев ісі" бойынша тергеу ол шабуылдан соң бірден ұсталған 18 шілде күні басталған. Билік шабуылды теракт деп атаған. Бұл іс бойынша сот материалдары 61 томнан тұрады.

"Күлекбаев ісі" бойынша соттың алдын ала тыңдауы 17 қазанда өткен.

XS
SM
MD
LG