Accessibility links

Бас прокуратура: 10 жылда 100 млрд теңге шетелге заңсыз шығарылған


Андрей Кравченко, Қазақстан бас прокурорының орынбасары.
Андрей Кравченко, Қазақстан бас прокурорының орынбасары.

Қазақстаннан соңғы 10 жылда 100 миллиард теңгеге жуық қаржы шетелге заңсыз шығарылды деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко бүгін Астанада өтіп жатқан жымқырылған активтерді қайтаруға қатысты семинарда.

Кравченконың сөзіне қарағанда, соңғы 10-15 жыл аралығында шетелге заңсыз шығарылған қаржының нақты сомасын айту қиын.

"Біз барлығын емес, ең ірі қылмыстық істер бойынша қаржыны санадық. Соңғы 10 жылда мұндай қылмыс саны шамамен 200-ге жететін шығар. Қазір осы қылмыстық істер бойынша 100 миллиардтай теңге шығарылғаны анықталды. Бұл соманың 30 пайыздайы Қазақстанға қайтарылды" деді Кравченко.

Бас прокурордың орынбасары қаржы заңсыз түрде негізінен Солтүстік Америка мен Еуропа елдеріне және оффшорлық аймақтарға шығарылатынын айтады. Шетелге кеткен қаржыны қайтару үшін 30-ға тарта халықаралық келісім жасалған.

XS
SM
MD
LG