Accessibility links

Прокуратура: Австрияны "Азбука жильяның" экс-басшысы жайлы хабардар еттік


"Азбука жилья" құрылыс компаниясының үлескерлері наразылық акциясын өткізіп жатыр. Астана, 12 тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

"Азбука жилья" құрылыс компаниясының үлескерлері наразылық акциясын өткізіп жатыр. Астана, 12 тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан Австрия билігін "Азбука жилья" құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы, парламенттің бұрынғы депутаты Ерқанат Тайжановтың "жасаған қылмысы" жайлы хабардар етті деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Астанада жымқырылған активтерді қайтару жөніндегі жиында сөйлеген Кравченко бас прокуратура Австрия елшілігінің өкілдеріне Тайжановтың "қазақстандықтардың қаржысын жымқырып, оны шетелге шығарғаны" туралы айтқан. Кравченконың сөзіне қарағанда, Астана таяу уақытта бұл іс бойынша Австрия билігінің қандай да бір әрекет жасауын күтеді.

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты, 2008 жылы мандатын мерзімінен бұрын тапсырған Ерқанат Тайжановқа 2015 жылы халықаралық іздеу жарияланып, биыл 13 мамырда Австрияда ұсталғаны хабарланған. Тергеу мәліметінше, ол 3 мыңнан астам үлескердің қаржысын жымқырған деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG