Accessibility links

Қырғызстанда басқарушы коалиция ыдырамақ


Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы (СДП) парламенттегі басқарушы коалиция құрамынан шықты. Енді премьер-министр Сооронбай Жээнбековтің үкіметі отставкаға кетуі тиіс.

Парламенттегі СДП фракциясының жетекшісі Иса Омуркулов бүгін алты партиядан құралған коалициядан шығу туралы шешім 24 қазан күні таңертең партия жиынында қабылданғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, коалициядан шығуға "ымыраға келмейтін саяси көзқарастар" себеп болған.

СДП-ны президент болып сайланғанға дейін Алмазбек Атамбаев басқарған.

Қырғызстан конституциясы бойынша, коалиция құрамынан бір партия шықса, онда коалиция ыдырап, коалиция жасақтаған үкімет отставкаға кетеді. Президент Алмазбек Атамбаев парламенттен үш күн ішінде жаңа үкіметті жасақтауды сұрай алады.

Жээнбековтің үкіметі сәуірде, бұрынғы премьер-министр Темір Сариевтің үкіметі отставкаға кеткен соң құрылған.

XS
SM
MD
LG