Accessibility links

Боқаев пен Аян сотында "Нұр Отан" филиалының жетекшісі жауап беріп жатыр


Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты өтіп жатқан Атырау қалалық №2 соты.

Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты өтіп жатқан Атырау қалалық №2 соты.

Атырауда белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сотта Атырау қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Ожаевтан жауап алына бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Өзін "Нұр Отан" партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы деп таныстырған Ожаев жауап алу кезінде Атыраудың орталық Исатай-Махамбет алаңында 24 сәуірде митинг өткізу туралы өтініш түскенін, оған орынбасары жауап бергенін айты. Ол митингіге барып, оның заңсыз екенін айтып, жер кодексі туралы түсініктеме бергенін айтты. Ол Атырауда төрт селолық округ пен Балықшы шағын ауданындағы Абай көшесі митинг өткізетін орын ретінде белгіленгенін, бірақ ұйымдастырушылар митингіні Исатай-Махамбет алаңында өткізуді сұрағанын айтты.

Прокурорлардың "Не себепті Исатай-Махамбет алаңында митинг өткізуге болмайды деп ойлайсыз?" деген сұрағына Ожаев "Ол алаң енді қасиетті орын. Ол жерде тәрбиелік мәні бар шаралар өтуі керек" деді.

Бұдан соң адвокаттардың өтініші бойынша сотта үзіліс жарияланды.

Боқаев пен Аян Атырауда сәуірдің 24-і күні жер реформасына қарсы өткен митингіден соң ұсталып, "заңсыз митинг өткізді" және "әлеуметтік араздық тудырды" деп айыпталған. Белсенділерге қарсы сот 12 қазанда басталған.

XS
SM
MD
LG