Accessibility links

Өзбекстандық бала күтуші мәскеулік қызды өлтіргенін мойындады


Өзбекстандық бала күтуші Гюльчехра Бобокулова соттың алдын ала тыңдауында. Мәскеу, 13 қазан 2016 жыл.

Өзбекстандық бала күтуші Гюльчехра Бобокулова соттың алдын ала тыңдауында. Мәскеу, 13 қазан 2016 жыл.

Мәскеуде бала күтуші болған өзбекстандық Гюльчехра Бобокулова мәскеулік төрт жастағы қызды өлтіргенін мойындады. Ақпан айында Мәскеудегі метро станцияларының бірінің жанында баланың кесілген басын ұстап тұрған әйелдің видеосы жарияланған еді. Ресейде бұл іс елдің наразылығын тудырып, Орталық Азия елдерінен келетін мигранттарға бақылауды күшейтуге шақырған.

38 жастағы Бобокулованың үстінен сот 24 қазанда басталды. Бобокулова 29 ақпанда Мәскеуде ұсталған. Видеода қара түсті киім мен хиджаб киіп тұрған ол қолына баланың басын ұстап алып "Мен - террористпін" деп айқайлайды. Тергеушілердің мәліметінше, ол бағып, қарап жүрген қызды өлтіріп, басын кесіп, сосын оның үйін өртеген.

XS
SM
MD
LG