Accessibility links

Мәскеу: Донбаста ЕҚЫҰ полиция миссиясын құру идеясы толық жетілмеген


Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.

Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.

Мәскеу Украинаның шығысында ЕҚҰ-ның полиция миссиясын құруды қолдайды, бірақ оның жақын уақытта құрылатынына күмәнді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистермен кездесуінде бұған қатысты "Ресей президенті Владимир Путин полиция миссиясын құру идеясымен толықтай келіседі. Дегенмен, қазір ЕҚЫҰ оны қалай құру керек және оны қайда жіберу керек деген сияқты сауалдардың жауабын өзі білмейді" деді.

20 қазанда Берлинде өткен келіссөзде Донбаста ЕҚЫҰ-ның полиция миссиясын құру туралы уағдаластық жасалған. Бірақ Украинаның Луганск және Донецк облысындағы сепаратистердің өкілдері бұл жоспарға қарсы шықты. Ресей Киеу пен халықаралық қауымдастықтың айғақтарды ұсынғанына қарамастан Украинадағы сепаратистерге әскери көмек көрсетіп отырғанын жоққа шығарады.

БҰҰ мәліметінше, Украинада қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 9600-ден астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG