Accessibility links

Назарбаев Сауд Арабиясында сапарлап жүр


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барып, Медине қаласында провинция губернаторы, ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сонымен қатар Мединедегі Мұхаммед пайғамбар мешітіне кіріп, намаз оқыған. Мешіт сәулеті және интерьерімен танысқан.

Ақорданың мәліметінше, Назарбаев бұдан соң Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен кездесу үшін Эр-Риядқа барды. Кездесуде екі жақты бірқатар құжатқа қол қойылады деген жоспар бар.

XS
SM
MD
LG