Accessibility links

"ЦентрКредит Банк": Шабуылдан күзетші жеңіл жараланды


"ЦентрКредит Банктің" Алматыдағы Мәншүк Мәметова көшесі 67 үйде орналасқан бөлімшесі. 25 қазан 2016 жыл.

"ЦентрКредит Банктің" Алматыдағы Мәншүк Мәметова көшесі 67 үйде орналасқан бөлімшесі. 25 қазан 2016 жыл.

"ЦентрКредит Банкі" Алматыда бүгін таңертең бөлімшелерінің бірінде күзетшіге жасалған шабуылдан күзетшінің жеңіл жараланған хабарлады. Банктің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қазір банк бөлімшелері қалыпты жұмыс істеп тұр.

Алматы полициясы бүгін таңертең сағат 8 шамасында банк бөлімшелерінің бірінде күзетшіге белгісізө екі ер адам шабуылдап, қаруын тартып әкеткенін хабарлаған. Бұдан соң шабуылдағандарды іздеу және ұстау жедел шаралары жасала бастаған.

"ЦентрКредит Банктің" мәліметінше, банктің Мәншүк Мәметова көшесі 67-үйде орналасқан №22 бөлімшесінде кезекшілікке түскен күзет инспекторына белгісіз екі ер адам шабуылдап, травматикалық тапаншасын тартып алып кеткен. Күзетші қарсылық көрсетіп, жарақаттанған. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

XS
SM
MD
LG