Accessibility links

Астана соты режиссерді министр шағымы бойынша айыппұл төлеуге міндеттеді


Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.

Астана соты қазақстандық режиссер Талғат Жаныбековті мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына "жала жабу" туралы шағым бойынша бір миллионнан астам теңге өндіріп беруге міндеттеді. Бұл туралы бүгін Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Шілдеде әлеуметтік желіде Талғат Жаныбековтің Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған видеосы жарияланған. Жаныбековтің сөзіне қарағанда, министр өзі режиссер болған фильміне қаржы бөлдіру үшін "пара беруді" сұрағаны айтылады.

Сот Талғат Жаныбековтің БАҚ арқылы таратқан мәліметін "жалған", министрдің абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді деп тапқан.

Сарыарқа аудандық №2 соты Талғат Жаныбековті "жала жапты" деп айыптап, оған Арыстанбек Мұхамедиұлының пайдасына 500 айлық есептік көрсеткіш (бір АЕК - 2121 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеген.

XS
SM
MD
LG