Accessibility links

Сот "Сирияға кеткен" әйелді "іс-түссіз жоғалды" деп танымады


Ақтөбе соты. (Көрнекі сурет)
Ақтөбе соты. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе соты жергілікті тұрғын Мирболат Жаманқұловтың "әйелім Ақмарал Алмағамбетова із-түссіз жоғалды" деген шағымын қанағаттандырмады.

30 жастағы Мирболат Жаманқұловтың сөзінше, кәмелет жасына толмаған үш баласының анасы, 29 жастағы Ақмарал Алмағамбетова "2013 жылы Қырғызстанға барып, одан әрі Сирияға жеткенін" телефон арқылы хабарлаған. Одан кейін әйелінен ешқандай хабар болмағанын айтқан Мирболат Жаманқұлов жұбайын өлдіге санайды.

Мирболат Жаманқұловтың арызы негізінде тиісті құрылымдарға сұрау салған Ақтөбе соты 1987 жылы туған Ақмарал Алмағамбетованың үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлімі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру), 256-бабының 2-бөлімі (терроризмді насихаттау), 257-бабының 2-бөлімі (терроршыл топ әрекеттеріне, террорлық актілерге қатысу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын анықтаған.

Осы қылмыстық айыптаулар негізінде Ақмарал Алмағамбетоваға 2016 жылы наурыздың 11-інде халықаралық іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG