Accessibility links

Ресей: Алеппоны бомбалауды уақытша тоқтату мерзімі ұзарды


Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы бомбалаудан қираған ғимараттар. Сирия, 19 қазан 2016 жыл.
Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы бомбалаудан қираған ғимараттар. Сирия, 19 қазан 2016 жыл.

Ресей Сирияның Алеппо қаласын бомбалауды тоқтату туралы өткен аптада жариялаған мораторий мерзімін ұзартатынын мәлімдеді. Бұған дейін мораторий кезінде Алеппоның көтерілісшілер бақылайтын аудандары бомбаланғаны хабарланған еді. Ресей қорғаныс министрлігінің жоғары шенді өкілі Сергей Рудской 25 қазанда Мәскеу 19 қазанда жариялаған мораториін ұзартатынын мәлімдеді. Бірақ ол бомбалауды уақытша тоқтату қашанға дейін ұзаратынын айтпады.

Рудской мен ресейлік өзге де әскери шенеуніктер Ресей мен Сирия өткен аптада Алеппоға әуеден шабуыл жасамағанын мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді жариялаған мораториін қаланың қоршауда қалған аудандарындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін пайдалануға шақырды.

"Әрине, біз ұрысты тоқтатудың кез-келген түрін қолдаймыз. Бірақ оны әуелдегі мақсат - өзіне міндеттеме алу және гуманитарлық көмек көрсетуді іске асыруға пайдалану керек" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби.

XS
SM
MD
LG