Accessibility links

Өзбекстанда саяси тұтқын Раззаков түрмеден босатылды


Бобомурод Раззаковтың түрмеден шыққан сәті. Таваксай, Өзбекстан, 25 қазан 2016 жыл.

Бобомурод Раззаковтың түрмеден шыққан сәті. Таваксай, Өзбекстан, 25 қазан 2016 жыл.

Өзбекстанда 63 жастағы саяси тұтқын Бобомурод Раззаков түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты деп хабарлайды адам құқығын қорғайтын "Эзгулик" ұйымына сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек редакциясы. Раззаков түрмеде үш жыл отырды. Ұйым белсенділері Василь Иноятов пен Абдурахман Ташанов Раззаковты 25 қазанда Ташкенттің түбіндегі Таваксай кентіндегі түрмеден күтіп алған. Раззаков бостандыққа шыққан соң түрме қарауылдарының күзетімен Бұхараға кеткен.

Бобомурод Раззаков 2013 жылы адам саудасына қатысы бар деп айыпталып, төрт жылға сотталған. Сот кезінде Раззаков өзіне тағылған айыптың "толықтай ойдан шығарылғанын" мәлімдеген. "Эзгуликтің" сол кезде таратқан мәлімдемесінде адам саудасына қатысты айыптың Раззаковтың кәсіби қызметі мен саяси көзқарасына байланысты оған қарсы ұйымдастырылған арандатушылық екені айтылған.

Оппозиция белсендісі Бобомурод Раззаков фермерлікпен айналысқан және "Эзгуликтің" Бұқара облысындағы өкілі саналған. Раззаков кезінде Азаттықтың Өзбек редакциясына берген сұхбатында Бұқара фермерлерінің проблемалары мен жергілікті шенеуніктердің заң бұзатыны жайлы айтқан.

XS
SM
MD
LG