Accessibility links

Шымкенттің кей аудандарын жағымсыз иіс жайлады


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шымкентте 26 қазанға қараған түні темір жол аймағында орналасқан шағын аудандар мен қаланың солтүстік жағынан кіре беріс тұсында белгісіз иіс жайлады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, тұрғындардан жағымсыз иіс жайлағаны туралы хабар 25 қазан күні түнгі сағат 11 шамасында түсе бастаған. Төтенше жағдайлар департаменті жағымсыз иістің газ емесін, қазір облыстық экология департаменті бұл иістің неден, қайдан шығып жатқанын анықтап жатқанын айтты. Иісті анықтау үшін ауадан сынама алынып, сараптамаға жіберілген.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жағымсыз иіс таралуына байланысты дүрлікпеуге, сабырлық сақтауға шақырып, СМС хабарламалар таратқан.

XS
SM
MD
LG