Accessibility links

Мәжіліс жалпыға ортақ табыс декларациясын 2020 жылға қалдыруды қолдады


Парламент мәжілісінің отырысы (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі 26 қазанда жалпыға ортақ табыс декларациясын тапсыруды 2017 жылдан 2020 жылға қалдыру туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бүгін салық салу және кедендік басқару туралы заңға түзетулер енгізу жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жеке адамдардың жалпыға ортақ табыс және мүлік декларациясын тапсыруы "ақпараттық жүйеде кемшіліктер бары анықталуына байланысты" 2020 жылға дейін шегерілетінін хабарлады.

Мәжіліске ұсынылған өзгерістер жобасында 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларация тапсыруды "бір кезеңге" біріктіру қарастырылған.

Әуелде қаржы министрлігі жасаған табысты декларациялау жүйесінің алғашқы кезеңі 2017 жылы іске асырыла бастайды деп жоспарланған. Ол бойынша, табыс туралы декларацияны ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар және олардың жұбайлары, кейінірек ұлттық компаниялардың әкімшілік қызметкерлері мен мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары тапсыратын болған.

Билік қарапайым азаматтарды 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ табыс декларациясын тапсыртуды жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG