Accessibility links

Молдовада батысшыл кандидат президент сайлауынан бас тартты


Майя Санду, молдовалық саясаткер, бұрынғы білім министрі.
Майя Санду, молдовалық саясаткер, бұрынғы білім министрі.

Молдовада биліктегі Демократиялық партиядан президенттікке ұсынылған батысшыл кандидат Мариан Лупу сайлаудан кандидатурасын алып тастады. Демократиялық партия төрағасы Мариан Лупу сайлауда бұрынғы білім министрі Майя Сандуға жол беретінін мәлімдеді. Мариан Лупудың сөзіне қарағанда, батысшыл кандидаттар арасында Майя Сандудың сайлауда ресейшіл кандидат Игорь Додонды басып озып, жеңіске жетуге мүмкіндігі зор.

"Бұл - тактикалық шешім. Молдоваға еуропашыл президент керек. Сауалнама Сандудың өзгелерден анағұрлым танымал екенін көрсетіп отыр" деді Лупу.

Коммунистік партияның бұрынғы мүшесі Игорь Додон Ресеймен байланысты нығайтуға шақырады. Ол Лупу сайлауға қатысудан "АҚШ-тың қысыманан бас тартты" деп мәлімдеді.

Вашингтон кандидаттардың бір де біріне ресми түрде қолдау білдірген жоқ. Молдованың бұрынғы премьері, Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қойған Юрий Лянкэ өзінің Майя Сандудың мүддесі үшін сайлаудан бас тартатыны туралы ақпарды терістеді. Ол ойлануға өзіне көбірек уақыт керек екенін мәлімдеді.

Молдовада 30 қазанда 1996 жылдан бері бірінші рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтеді.

XS
SM
MD
LG