Accessibility links

Пәкістанда National Geographic-ке суреті басылған "ауған қызы" ұсталды


Шарбат Гулдың 1984 жылы фотограф Стивен МакКарри түсіріп, National Geographic журналына жариялаған портреті.

Шарбат Гулдың 1984 жылы фотограф Стивен МакКарри түсіріп, National Geographic журналына жариялаған портреті.

Пәкістан билігі National Geographic журналының мұқабасына суреті басылған әйгілі "көкшіл көзді ауған қызы" Шарбат Гулды жалған құжатпен жүрді деген күдікпен тұтқындады. Пәкістанда босқындарға арналған лагерде өскен 40 жастағы Шарбат Гул егер алаяқтық жасады деп танылса, 14 жылға дейін сотталуы мүмкін. Пәкістан билігінің мәлімдеуінше, Шарбат Гул Пешавардағы рейд кезінде ұсталған.

Шарбат Гул бүкіл әлемге 1984 жылы фотограф Стив МакКарри түсірген суреті журналдың мұқабасына басылған соң танылған. 2002 жылы МакКарри оны Ауғанстаннан қайта тауып алған. Пәкістан таяуда заңсыз тіркелген ауған босқындарымен күресті күшейткен.

БҰҰ мәліметі бойынша, Пәкістанда Ауғанстаннан шыққан ресми тіркелген 1,4 миллионға жуық босқын тұрады.

XS
SM
MD
LG