Accessibility links

Сенат климатқа қатысты Париж келісімін мақұлдады


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі халықаралық келісімді мақұлдады. Өткен жылы желтоқсанда Парижде жасалған бұл келісімге 200-ге тарта мемлекет қол қойған. Келісім ғаламдық жылынуды индустриалдық кезеңге дейінгімен салыстырғанда Цельсий бойынша екі градусқа азайтуды көздейді. Ол үшін пайдалы қазбадан алынатын энергиядан бас тарту арқылы ауаға таралатын парник газдарын азайту керек. Қазақстан бұл келісімге 2 тамызда қосылған.

Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұжырымынша, келісімде парник газдарын шығару көлемін азайтатын ұлттық жобаларды қабылдауға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, қаржыны осы саладағы технологияны дамытуға арналған шаралар мен міндеттемелерді орындау ұсынылған.

Келісімде оған қол қойған барлық елдер ауаға шығаратын қалдықтарды азайту, технологияны жаңарту және климаттың өзгеруіне бейімделудегі өз мақсатын айқындауы тиіс екені айтылған.

Астана 2030 жылға дейін ауаға шығаратын парник газы көлемін 1990 жылғы деңгейінен 15 пайызға дейін азайту жоспары барын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG