Accessibility links

Алматыда жас театр қоятын "Көшкін" спектакліне қойылым авторы келді


Төнжер Жүженоғлы (сол жақта) баспасөз конференциясында отыр. Алматы, 27 қазан 2016 жыл.

Төнжер Жүженоғлы (сол жақта) баспасөз конференциясында отыр. Алматы, 27 қазан 2016 жыл.

Алматыда бүгін режиссер Байтен Омаровтың "Жас сахна" театрында премьерасы болатын "Көшкін" спектакліне пьесаның авторы, түрік драматургы Төнжер Жүженоғлының өзі келді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Түріктің Чеховы» атанып кеткен Төнжер Жүженоғлының «Көшкін» қойылымында апатты аймақтағы ауыл адамдарының өмірі суреттеледі. «Көшкін» қойылымы - жұртқа төнген апат туралы ғана емес, адам санасындағы үрейден арылу қажеттігін көрсететін пьеса.

Алматыда премьера қарсаңында өткізген баспасөз жиынында Төнжер Жүженоғлы пьеса - қоғамдағы үрей туралы екенін, ал қазір Түркия қоғамының ең үлкен үрейі - террор екенін айтты.

"Көшкін" қойылымын бұған дейін алғаш рет 2012 жылы наурызда Алматыда режиссер Болат Атабаев басқарған "Ақсарай" театры сахналаған.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG