Accessibility links

Қазақстанның гендерлік теңдік көрсеткіші нашарлай түсті


Қоғамдық белсенділер зейнет жасын 63 жасқа өсіруге қарсылық танытып тұр. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл (Көрнекі сурет).

Қоғамдық белсенділер зейнет жасын 63 жасқа өсіруге қарсылық танытып тұр. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік рейтингінде Қазақстан төрт орын төмендеп, 51-орынға сырғыды. Өткен жылы Қазақстан бұл рейтингте 47-орында болған еді. Зерттеу 144 мемлекетті қамтыған.

Индекс ерлер мен әйелдердің саясат, экономика, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мүмкіндіктерін салыстыру негізінде жасалған.

Соңғы зерттеу бойынша, Қазақстанда ерлер мен әйелдерге жасалған мүмкіндік айырмашылығы саясатта қатты байқалады. Зерттеу авторлары саясат саласындағы гендерлік теңдікті бағалау кезінде көбінесе мемлекеттік басқару қызметін әйелдердің қаншалықты аз я көп атқаратынын және сайлаушылар тізімін жасау кезінде әйел кандидаттарға арналған квотаның бар я жоқтығын ескерген.

Орталық Азия елдері арасында тізімде Қырғызстан 81, Тәжікстан 93-орында тұр. Рейтинг басында Исландия, Финляндия және Норвегия орналасқан. Тізімдегі соңғы төрт орынды Сауд Арабиясы, Сирия, Пәкістан және Йемен иеленген.

XS
SM
MD
LG